Шымкентте дыбысты бағдаршамдар пайда болды

1587

Шымкентте дыбысты бағдаршамдар пайда болды

Шымкентте дыбыс шығаратын бағдаршамдар орнатылды. Бұл көздері нашар көретін зағип жандарды қолдау мақсатында іске асырылып отыр. Қала басшылығы бюджеттен бөлінген 6 млн теңгеден астам қаржыға кәдімгі бағдаршамдар орнатылған 20 қиылыста осындай дыбысты бағыттағыштарды іске қосты.

Бұл бағдаршамның ерекшелігі сол, қай көшенің қилысында тұрғаныңызды және жүруге неше уақыт қалғанын айтып береді. Сала мамандарының мәлімдеуінше, Оңтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі 109 мыңнан астам азамат бар. Оның жартысына жуығы — зағип жандар.

Осындай бағдаршамдарды алдағы уақытта қаламыздың өзге де көшелеріне орнату жоспарланған. Шымкент қаласында бүгінде 167 бағдаршам, 7 мыңнан астам жол белгісі бар. Енді дыбысты бағдаршамның жұмыс жасау жүйесін жүйелеу керек.

Оtyrar.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу