Шымкентте Егемен Қазақстан, Ана тілі, Жас алаш көшелері пайда болды

975

Шымкент қаласында ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде 325 көшеге атау берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте Егемен Қазақстан, Ана тілі, Жас алаш көшелері пайда болды

Олардың қатарында маңызды басылым атаулары мен радио, әдеби шығармалар да бар. Мәселен Қаратау ауданы Бозарық саяжайындағы атауы жоқ көшелерге "Егемен Қазақстан", "Ана тілі", "Жас алаш" газетінің атауы берілді. Сондай-ақ Қазақ радиосы, Абай жолы, Қалқаман – Мамыр, Ақ білек, Қамар сұлу секілді көше атаулары пайда болды.

Одан өзге қаланың тарихын айшықтайтын табиғи ерекшеліктері мен өлке өзгешелігін ескеріп, тау-тас, сай-сала, өзен-көл атаулары да берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу