Шымкентте егеуқұйрықтарға қарсы дәрілеу жұмыстарын жүргізген мердігерлер қала аумағында 54 млн шаршы метр аумақ дәріленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды otyrar.kz.
Атжалмандарға арналған дәрілер көпқабатты үй аулаларында орналасқан қоқыс тастайтын алаңдарға, өзен, каналдардың жағалауына және қоқыс полигондарына тасталған. Осы дератизация жұмыстарына қала бюджетінен 42 млн теңге қаражат қаралыпты.
Сәуірдің 20-сында басталған шара 12 мамырда аяқталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу