Жалпы аумағы 21 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдерін егу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сала мамандарының мәліметінше, бұл қаланың қарқынды өсуімен тікелей байланысты. Мемлекет қажеттілігіне қайтарылған жер учаскелеріне тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынады.
Сонымен қатар күре жолдар төселіп, инфрақұрылым тартылады. Алайда егістік алқаптарының азаюына қарамастан қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл жылыжайлардың жалпы аумағы 140 гектарға жетті. Өйткені үлкен жылыжайлардың құрылысы қызып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу