Шымкентте екі адамның мәйіті табылды

948

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екі азамат газдан уланған. 

Шымкентте екі адамның мәйіті табылды

ТЖД кезекшілік бөліміне полицейлерден екі мәйіттің табылғаны туралы қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктер пәтер ішін тексеріп, ек азамат иіс тиіп көз жұмған болуы мүмкін деген болжам жасады.

"Қазтрансгаз Аймақ" АҚ мәліметінше​, арнайы бригада асханада екі конфорлы газ плитасы мен "DUBAI" су ​жылытқышы орнатылғанын анықтады. Бірақ су жылытқыш пештің түтін шығаратын құбыры құрылғыдан ажырап кеткен.

Қазіргі таңда 1994 және 1992 ​жылы дүниеге келген тұрғындардың неден көз жұмғанын нақтылау үшін жұмыстар жүргізілуде.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу