Қаратау ауданының Назарбаев даңғылының бойындағы Нұрсәт-3 ықшамауданында "ЮгСтройСервис-Н" ЖШС жұмысшылары шұңқырды қазып жатқан кезде топырақ құлаған деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Топырақ астында 3 техника (1 тиегіш, 1 экскаватор және 1 жол тегістейтін каток) қалған. Шұңқырдың тереңдігі 20-25 метр, көлемі - 37x37 м..
Шұғыл-құтқару отряды оқиға орнына сағат 20:55-да келген. Олар бірден іздеу-құтқару операцияларына кіріскен.
Оқиға орнына ТЖ департаментінің 40 қызметкері мен 11 дана техника, Полиция департаментінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем машиналары және ЖШС қызметкерлері жұмылдырылды.
Нәтижесінде 1993 жылы туылған жас жігіт қоқыс астынан шығарылды, оған апаттық медицина орталығының тобы алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемге тапсырды. Қазіргі уақытта оған амбулаториялық ем тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық.
21.30-да құтқарушылар мен өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қалған екі жұмысшыны іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Нәтижесінде, шамамен 21.40-та құтқарушылар 1969 жылы туылған ер адамды алып шықты. 22.49-да олар 1965 жылы туылған адамды іздеуді бастады, оның денесі ұзақ іздеуден кейін шығарылды.
Екі жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды.Іздеу-құтқару жұмыстары шамамен 5 сағатқа созылды.