Шымкентте эко-жоба аясында тұрғындар қоқыс сұрыптауды үйренді

482

Шымкенттік кәсіпкер қала тұрғындары үшін тиімді жүйені енгізуді ұйғарған. 

Шымкентте эко-жоба аясында тұрғындар қоқыс сұрыптауды үйренді Фото: BaigeNews.kz

Оның жобасы бойынша адамдар қоқыс шығару мен жинауға ақша төлемеуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Жоба бойынша қоқысты сұрыптап, арнайы жәшіктерге салу қажет. Бұл жұмысты 12 сағат бойы ауысымда тұрған компанияның қызметкері бақылайды.

Егер бұрын бұл учаскенің тұрғындары қоқысты шығару үшін 200 теңгеден төлесе, енді қоқыстардан тегін арылуға болады.

Данияр Әзімбаевтың сөзінше, бұл идея бірнеше жыл бұрын пайда болған. Кәсіпкер өз қызметін қоқысты қабылдау мен қайта өңдеу бойынша бір пункттен бастаған. Бүгінде қалада оныншы пунктті ашып жатыр.

Қазіргі таңда эко жәшіктер орнатылған орнатылған аулаларда темірдей тәртіп қалыптасқан. Тұрғындардың қалдықтарды сұрыптауға бойы үйренді. Бұл бір жағынан қаланың келбетті көрінісінің бір бөлігі болса, екіншіден  экономикалық пайда дейді олар. Себебі тұрғындар қоқыс жинау төлемдерінен толығымен босатылған.

"Бұл жобаның басты мақсаты – қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды халыққа тегін ету. Мұны қалай жасауға болады? Біз қоқыс жинау алаңында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жүйесін енгізгіміз келеді", - деді кәсіпкер Данияр Әзімбаев.

Бұл жоба Шымкентте жүздеген адамның жұмыспен қамтылуына ықпал етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу