Шымкентте екпе салдыру қайта міндеттелді

583

Шымкент қаласы ақпан айынан бері "жасыл" аймақта. Алайда шілденің басында осы соңғы аптамен салыстырғанда Ковид жұқтырғандар саны 3,6 есеге өсіп кеткен.

Шымкентте екпе салдыру қайта міндеттелді

Қалада жыл басынан бері 8 мыңға жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталыпты. 1 жасқа дейінгі 565 бала ауырған. 47 адам қайтыс болып, 500-ден астам науқас бүгінде ем алып жатыр. Бұл жыл басынан бергі статистика. Өткен тәуліктің өзінде 66 адамнан қауіпті инфекция табылса, оның 13-і 18 жасқа дейінгі балалар. 

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаевтың айтуынша, инфекция жұқтырғандар негізінен ашық симптоммен анықталып жатыр. 

Осыған байланысты қаланың бас санитары 6 түрлі топтағы адамдарға ревакцинация міндетті жүргізілетінін мәлімдеді. Оған медцина, әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі, күштік құрылымдар өкілдері және педагогтер мен 50 жастан асқан азаматтар кіреді. 

Шілденің соңына дейін қаладағы 27 мыңнан астам адамды Pfizer екпесімен ревакцинациялау жоспарланып отыр.

Қаланың бас санитарының мәлімдеуінше, дерттің өршіп кеде жатқанына қарамастан Шымкент бұрынғыдай карантинге  жабылмайды. Вирустың ішінде коронавирустың екі штаммы Дельта мен Стелс Омикрон таралып жатыр. Әсіресе екіншісін жұқтырып жатқандар өте көп. Дельтаның клиникасы ауыр жағдайда өтсе, Стелс Омикронда өкпе көбінесе қабынуға ұшырамайды. 

Мегаполис тұрғындары әлеуметтік желілерде қалада белгісіз біреулердің үстіне қорғаныш костюмдерін киіп ауаға бөгде бір затты шашып жүрген видосын таратқан. Соның кесірінен Шымкентте ауру көбейіп жатыр деген халық үрейге мініп отыр. Бас санитар мұның еш шындыққа жанаспайтынын, вирус олай ауада ұшып таралмайтынын мәлімдеп, жұртты қауесетке сенбеуге шақыруда.

Әнуар Жұмашбаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу