Шымкентте "ең адал" полицей сотталып кетті

6280

Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Шымкентте "ең адал" полицей сотталып кетті Фото: otyrar.kz

Шымкентте "ең адал" полицейге қатысты сот үкімі шықты. Азамат Айымбетов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлігінің 1 тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Экс-полицей 700 мың теңге көлемінде пара алғанын мойындаған еді. Алайда ақша алғанын мойындаса да, қорқытып-үркіту фактілерінің болғанын жоққа шығарды.

Алдыңғы өткен сот отырысында Азамат Айымбетов "кінәмді ішінара мойындаймын.  Ешкімді қорқытқан жоқпын, ешкімді мәжбүрлеген жоқпын. Кінәмді ішінара мойындаймын" деген болатын.

Азамат Айымбетов Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен наурыз айының соңында ұсталған  болатын.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Азамат Айымбетов өзінің бастығы болған Мұхтар Бұқарбаевқа қарсы арыз жазған еді. Тіпті, 2022 жылы Президентке үндеу жолдап, Бұқарбаевқа жасаған қымбат сыйлықтары туралы айтқан. Айымбетовтың арызынан кейін полковник Мұхтар Бұқарбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Осы оқиғадан соң, экс полицей Азамат Айымбетов "адал полицей" атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу