Тәртіп сақшылары ер адамды ұстап, қамауға алған. Оқиға орнында мәйіттің өртенген қалдықтары табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"12 қаңтар түнгі уақытта полицияға зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар өрт туралы хабарлама түсті. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала деректер бойынша, қылмыс отбасылық жанжал нәтижесінде болды", – деп мәлімдеді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.
Жантүршігерлік оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу