Шымкентте ер адам бастығының үйінен теледидар ұрлап кеткен

671

Көлік жүргізушісі бастығының үйінде жоқтығын пайдаланып, айласын асырған. 

Шымкентте ер адам бастығының үйінен теледидар ұрлап кеткен

Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 40 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында қол астында жүргізуші болып жұмыс істейтін азамат үйіне кіріп, теледидарын жасырын түрде ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні бір тәулік ішінде қолға түсірді. Ол 48 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Айғақты зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу