Шымкентте ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болды

498

Оны полицейлер құтқарып қалды.

Шымкентте ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болды Фото: Polisia.kz

Шымкентте полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Еңбекші АПБ-ның "102" арнасына 1 маусым күндізгі сағат 11:15 шамасында әйел кісі қоңырау шалған. Ол тәртіп сақшыларынан көмек сұрап, күйеуінің өз-өзіне қол жұмсағалы жатқанын жеткізген. Белгілі болғандай, ер адам жұбайына бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып, қоштасқан. 

Шақырту бойынша, осы аумаққа қызмет көрсететін 3-ротаның патрульдік полицейлері оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары қақпа жабық болған соң, үйге кіре алмай, қақпадан кірген.

Патрульдік полиция қызметкерлері аумақты тез арада шолып, ауланың артқы жағында қосалқы құрылыстардың арасынан арқанға ілінген адамды тапты. Полицейлер арқанды кесіп үлгерген. Медицина қызметкерлері де дер кезінде көмек көрсетті. 

Қазіргі таңда, азамат ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу