Шымкентте ер адам өз пәтерінде өртеніп кетті

491

Қайғылы оқиға 12 сәуірге қараған түні болды. 

Шымкентте ер адам өз пәтерінде өртеніп кетті Фото: SMI24.kz

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан, деп жазады inbusiness.kz otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

Тұрғындар өрт сөндіру қызметін шақырған. 

Ресурстың жазуынша, 17 шағын ауданда көппәтерлі үйлердің бірінен аудандағы өрт шыққаны туралы хабарлама түнгі сағат бір шамасында келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде үшінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен заттар жанып жатқан.

"Пәтерден 1962 жылы туған ер адам өлі күйінде табылды. Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялады", - деп хабарлады Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Көршілердің сөзінше, ер адам жалғыз тұрған, ішімдікке құмар болған.  Оның пәтерінен осыған дейін де өрт шыққан. Алайда көршілері уақытында мұны байқап, оған көмекке жеткен. 

Бүгінгі таңда өрттің шығу себебін анықтау үшін тексеру тағайындалды. 

61 жастағы ер адам өлімінің себебі анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу