6 ақпанда ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Тінту барысында 7 килограммнан аса "альфа-PVP" есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген", - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу