Шымкентте "Қарасора-2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіруге арналған жасырын зертхана анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полиция қызметкерлері үйлердің бірінен арнайы жабдықталған бөлмені тапқан. Онда есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған жарықтандыру шамдары, желдету және ауаны тазарту жүйелері орнатылған.
Тінту кезінде 26 түп есірткі құрамдас өсімдік пен құрамында кептірілген өсімдік тектес зат бар 19 сіріңке қорабы тәркіленді. Сонымен қатар екі тапанша мен оқ-дәрілер анықталды.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу