Полицейлер күдіктінің көлігінен 100 дана оралған психотроптық заттарды тәркіледі. Одан әрі оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 18 дана синтетикалық есірткі орамасы тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізді.
Күдікті Telegram арнасы арқылы нұсқау алғанын мойындады. Одан кейін белгіленген орында синтетикалық есірткіні алып, дозаларға бөліп, жасырын орындарға қойған. Қызмет ақысын интернет арқылы белгісіз біреуден ақшалай алып отырған. Сондай-ақ тергеушілер курьер жасырып үлгерген екі орыннан 30 орама есірткі тапты. Кейін сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттардың барлығы синтетикалық есірткі болып шықты.
Тергеушілер жинақталған іс-құжаттарды айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. 2023 жылдың сәуір айында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Жас жігіт алдағы 10 жылын темір торда өткізеді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент полициясы есірткі заттарын өткізудің 20 жайтын анықтады, 16 есірткі курьері, ораушылар мен көтерме саудагерлер тергеліп жатыр.