Шымкентте есірткі зертханасын ұйымдастырған азамат ұсталды

545

Шымкентте көпқабатты үйдің жертөлесінде есірткі зертханасын ұйымдастырған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте есірткі зертханасын ұйымдастырған азамат ұсталды Фото: polisia.kz

Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында көпқабатты үйдің жертөлесінде фитозертхана ұйымдастырған 44 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Белгілі болғандай, ол бірінші қабаттағы пәтерінің ас бөлмесінен көпқабатты үйдің жертөлесіне қарай өтетін жасырын есік жасап, онда арнайы есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған бөлмені дайындап, арнайы құрал-жабдықтармен жабдықтап, қалыпты температураны және тиісті желдетуді қамтамасыз етіп, тыйым салынған өсімдіктерді өсіріп келген. 

Тексеру барысында жертөледен құмыраларға отырғызылған 4 дана есірткі өсімдіктеріне ұқсас өсімдіктер тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, оның есірткінің сора тұқымына жататыны нақтыланып, жалпы салмағы 2,5 келіге жуық екендігі анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу