Шымкент қаласының прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын телеграм каналдары анықталды.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде "Кибернадзор" жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 18 телеграм каналдары бұғатталды.
Айта кетейік, қала прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу