Шымкентте есірткі жарнамасы бар 300-ге жуық жазу жойылды

394

"Шымкент – есірткісіз қала" акциясы аясында қала аумағында есірткіге қатысты заңсыз граффитилер анықталып, толық тазартылды.  

Шымкентте есірткі жарнамасы бар 300-ге жуық жазу жойылды Фото: gov.kz

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған айлық аясында "Шымкент – есірткісіз қала" атты кең ауқымды профилактикалық акция өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Акцияға полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, еріктілер, студенттер мен спортшыларды қоса алғанда 1500-ге жуық адам қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – есірткінің заңсыз айналымының алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Шара барысында қаланың барлық ауданында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, есірткі құралдарын жарнамалайтын 300-ге жуық наркограффити анықталып, жойылды. Заңсыз интернет-ресурстар мен есірткі сатуға қатысты жазулар қоғамдық орындардағы қабырғалар мен қоршаулардан өшірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу