Шымкентте есірткі жарнамасын таратқан күдікті ұсталды

167

Бұл әрекеті үшін ол онлайн-платформадан сыйақы алмақ болған.  

Шымкентте есірткі жарнамасын таратқан күдікті ұсталды Фото: gov.kz

Шымкентте тұрғын үйлердің қабырғаларына есірткі заттарын насихаттайтын 15 граффити салған күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің онлайн-платформа арқылы сыйақы алу үшін есірткі жарнамасын салуға келіскені анықталған.

Ол қаладағы бірнеше тұрғын үйдің қабырғаларына 15 граффити түсірген. Оқиға орнын тексеру кезінде граффити жасауға пайдаланылған аэрозоль бояуы мен трафарет тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткіні заңсыз жарнамалау немесе насихаттау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу