Шымкентте есірткі жарнамасына қарсы рейд жүргізілді

373

​Шымкентте есірткі заттары мен психотроптық препараттарды насихаттайтын 500-ден астам заңсыз жазу анықталып, жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Шымкентте есірткі жарнамасына қарсы рейд жүргізілді Фото: polisia.kz

Бұл жұмыс "Шымкент – есірткісіз қала" акциясы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға полиция мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, жастар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар және қала тұрғындары – барлығы 3 мыңға жуық адам қатысты.

Қатысушылар полиция қызметкерлерімен бірге қаланың бес ауданын аралап, тұрғын үйлердің қабырғалары, қоршаулар және басқа да нысандардағы заңсыз жазбаларды анықтады.

Нәтижесінде есірткіні насихаттайтын 500-ден астам жазу жойылды. Шара барысында Шымкенттің барлық ауданы қамтылды.

Полиция тұрғындарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген ақпаратты жасырмай, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу