Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды. Тексеру кезінде полицейлер олардан "синтетика" салынған 50 орама тауып, тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
18 жастағы студенттер қала аумағында жасырын орындарға есірткі қойып, оның координаттарымен мессенджерде бөлісіп отырған.
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу оқиғасы бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктілер қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу