Шымкентте есірткіні "нүктелерге" жеткізумен айналысқан қала тұрғыны ұсталды

Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Шымкентте есірткіні "нүктелерге" жеткізумен айналысқан қала тұрғыны ұсталды

Шымкенттік полицейлер есірткі курьерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен "Қарасора-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында кезекті есірткі курьері құрықталды. Ол қала аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, ол бұл әрекеттердің заңға қайшы келетінін біле тұра, оңай ақша табу мақсатында есірткі курьері болып, қала ішінде синтетикалық есірткі заттарын жасырын орындарға тығып келген.

Кезекті шығуы барысында ол полиция қызметкерлерімен ұсталып, қалтасынан алты қара түстегі изолентаға оралған есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар, жасырын орындарға тығып үлгерген жерден тағы қосымша 13 есірткі заты алынды. Сараптама қорытындысына сай, тәркіленген заттар 20 граммнан астам синтетикалық есірткі екені нақтыланды.

Бүгінде аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу