Шымкентте есту қабілеті бұзылған қызды зорлаған тұрғын сотталды

250

28 жастағы ер адам 8 жылға сотталды.  

Шымкентте есту қабілеті бұзылған қызды зорлаған тұрғын сотталды Фото: envanto.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында есту қабілеті бұзылған қызды өлтіремін деп қорқытып, зорлаған адамға қатысты үкім оқылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сотталушының әрекеті Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес – адам өлтіремін деп қорқыту арқылы жасалған зорлау ретінде сараланды.

Қоғамда кең резонанс тудырған қылмыстық іс жәбірленушінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында іс жабық қаралды.

Соттың мәліметінше, айыпталушының кінәсі қылмыстық іс аясында жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді. Іс жүргізу барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сот бұл жайтты жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды. Сотталған адам моральдық зиян ретінде 3 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу