Шымкентте Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ЕҮАК отырысы басталар алдында делегация басшыларын суретке түсіру рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан отырысқа Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысуда.
Бақылаушы мемлекеттерден Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Куба Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрі Оскар Перес-Олива Фрага, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукар бар.