Шымкенттегі жедел жәрдем бригадаларының фельдшерлері видеожетон тағады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Маманның кезекшілігі аяқталғаннан кейін жазбалар автоматты түрде базаға жүктеледі. Пилоттық жоба сала қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жалпы биыл елде 50-ден астам медицина қызметкеріне шабуыл жасалған. Жедел жәрдем көлігі кезекті шақыртуға асығып барады. Олар үшін әр минут маңызды. Науқастың жанын аман алып қалуға асыққан дәрігерлер кейде өз басын қатерге тігіп жатады. Енді ақ халаттылардың қауіпсіздігі мен сапалы медициналық көмек көрсетуі үшін осындай видеожетондар беріліп жатыр.
Видеожетон жедел жәрдем бригадаларының жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді. Ал, жергілікті билік жылдың соңына қарай толық қамту жоспары бар екенін айтты.