Шымкентте GAP қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс аяқталды

458

Шымкенттегі GAP қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы азаматтарға тұрғын үй немесе көлік алуға көмектесуді ұсынған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Шымкентте GAP қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс аяқталды Фото: ortcom.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда ПК "GAP" пирамидасына қатысты қылмыстық іс мәресіне жетті.

"Еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды.

Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады", - деп жазды агенттіктен.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне алаяққа алданған 33 азамат хабарласып, 77 миллион теңгеден айырылғандарын айтқан.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу