Шымкентте газдан уланған 8 адам ауруханаға түсті

135

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері барды.

Шымкентте газдан уланған 8 адам ауруханаға түсті Фото: Zakon.kz

Шымкент қаласы Абай ауданында бір отбасының сегіз мүшесі табиғи газдан уланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Алдын ала болжам бойынша, улану себебі – түтіндік мұржаның қауіпсіздік талаптарына сай болмауы. Улану салдарынан сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта зардап шеккен азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, барлығы медициналық бақылауда, – делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға улы газдың иіссіз әрі аса қауіпті екенін ескертеді.

Сондай-ақ өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, газ жабдықтарын уақытылы тексертіп, түтіндік мұржаның дұрыс орнатылғанын қадағалауға және үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу