Шымкентте газдан уланып, екі адам көз жұмды

659

Тағы бірі ауруханада жатыр.

Шымкентте газдан уланып, екі адам көз жұмды

Шымкентте газға уланып үш адам уланып, екеуі көз жұмды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Газ таратушы мекеменің мәліметінше, оқиға 1 мамыр күні кешкі сағат 21:02-де орын алған.

"Теріскей" шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен 1972 жылы туған әйел мен 2000 жылы туған бойжеткеннің мәйіті табылған. Сондай-ақ, 1998 жылы туған жігіт иістен уланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

"Оқиға орнына келген газға жауапты мамандар пәтерде су жылыту қондырғысының рұқсатсыз орнатылғанын анықтаған. Су жылытқыштың мұржасы сыртқа емес, қабырғаға қарай орнатылған", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу