Шымкентте жүгеріден алынатын глюкоза-жеміс шәрбатын өндіретін цех ашылды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Күнгейдің бас оқу ордасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2016 жылы "Ғылым қоры" АҚ-ның грантын ұтып алған болатын. Ұтып алған грант көлемі 184 млн теңгені құрайды. Аталған қаражат құрал-жабдық сатып алуға, ферменттерге жұмсалған. Ал өндірістің жалпы құны – 400 млн теңге. 4 жылда кеткен шығынды ақтайды деген жоспар бар.
Жүгеріден кондитерлік кәсіпорындарға аса қажетті шикізат өндіретін цехты аталған оқу ордасының серіктесі "АлиКа групп" компаниясы жүзеге асыруда. Бүгін бірегей жобаның лентасы қиылды.
Жүгеріні терең өңдеу арқылы қант алмастырушы табиғи шәрбат шығарылады. Ол сиропты кондитерлік өнім өндірісінде, сусын шығаруға қолданады. Серіктестік қалдықсыз технологияны да меңгерген. Өндірістен қалған сығындыдан биожем шығарады.
Серіктестік биыл жер алып, жүгері егуді жоспарлап отыр.