Шымкентте күн райының қолайлылығын уақтылы пайдаланған коммуналшылар бір миллион түп голланд қызғалдағын егуге кірісті, деп хабарлайды otyrar.kz.
Еске сала кетсек, өткен жылы қыс айында Шымкент көшелеріне 460 мыңға жуық түрлі-түсті қызғалдақ отырғызылған болатын. Ал ерте көктемде олар гүлдеп, қала көшелеріне көрік берді.
Бұдан бөлек биікті 2-3 метрге жететін қырым қарағайы да отырғызылып жатыр. Өткен жылы қала көшелеріне 4800 қылқан жапырақты ағашты отырғызылған еді. Соның 360-ы жерсінбей, олардың орнын толықтыруға тура келіпті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу