Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осындай кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында 2016 жылдан бері есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады. Іздеуде жүрген ер адамды полицейлер Шымкент қаласынан ұстады.
Тәртіп сақшылары күдіктіні Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта полицейлер тарапынан аталған азаматты экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.