Полицейлер аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкентте жедел іздестіру шаралары барысында Өзбекстанның 45 жастағы азаматы ұсталды. Ер адам аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланды. Сондай-ақ, ол 12 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып үлгерді.
Қазіргі таңда, шетелдік азамат қамауда отыр. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу