Шымкент қаласы ТЖД "101" диспетчерлік қызметіне 26 қыркүйекте сағат 17:25-те Тұран ауданы, 196 орам мекенжайда орналасқан №2 мамандандырылған халыққа көмек көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімі орталық ғимараттың көлемі 65 ш.м. шатыры жанғандығын анықтады.
Өрт сағат 17:56-да оқшауланып, сағат 18:02-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт қысқа тұйықталудан орын алды.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 74 қызметкері,17 техникасы жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу