Happy Land кешені құрылысын непалдық инвестор қаржыландырады

863

Шымкентте салынатын жобаның құны 60 миллион долларды құрайды.

Happy Land кешені құрылысын непалдық инвестор қаржыландырады

Chaudhary Group (CG Global) компаниясы Шымкентте Happy Land ойын-сауық кешінін салады. Бұл туралы "Shymkent" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Рашид Аюпов айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Оның айтуынша, жобаның құны 60 миллион долларды құрайды.

"Chaudhary group  холдингінің негізін қалаушы Бинод Чаудхари Happy Land кешеніне қаражат салуға ниетті. Оның компаниясы Шымкент әкімдігімен, "Shymkent" әлеуметтік кәсіпкерлі корпорациясы, сондай-ақ "Kazakh invest" АҚ-мен өзара меморандум түзді. Құрылысқа Ташкентке қарайғы бағыттан жер телімі беріледі",– деді Аюпов.

Кешен аумағында аквапарк, SPA & Resort қонақүйі, аттракциондар, гольф клубы, табиғи парк болады.

Бұған дейін аталмыш компанияның өңірде тағы бір жобаны жүзеге асыратындығы белгілі болған еді. Компания биыл құны 15 миллион доллар болатын кеспе шығаратын зауытты іске қоспақ. Өнім көршілес елдерге экспорталады деп көзделген.

Айта кетсек, "Shymkent" корпорациясы 2011 жылы бизнес бастамаларды қолдап, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуды ынталандыру үшін құрылған болатын.

Ал CG Global 30 елде өкілдігі бар трансұлттық компания. Оның қызметі  тұтыну тауарлары, жылжымайтын мүлік, т.б аясында ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу