Шымкентте Happy land отбасылық ойын-сауық кешені салынады

1420

Аталған ойын-сауық кешені Шымкенттегі туризмнің дамуына үлкен үлес қосады

Шымкентте Happy land отбасылық ойын-сауық кешені салынады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов GG Group трансұлттық корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, непалдық миллиардер Бинод Чаудхаримен кездесті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

GG Group трансұлттық корпорациясы әлемдік нарықта өзін дәлелдеген корпорация болып табылады. Кездесу барысында қос тарап ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мәселесіне де тоқталды.

"Шымкент қаласы географиялық және экономикалық тұрғыдан қарасақ ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде өте қолайлы жерде орналасқан. Климаты да ыңғайлы. Қаламызда әлемдік стандартқа сай заманауи үлгідегі сауда-логистика орталығы салынып жатқанын ескерсек, келешекте GG Group корпорациясымен тығыз жұмыс істеу баршамызға тиімді. Себебі, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеп экспорттау қос тарапқа да пайдалы екені сөзсіз", – деді Ерлан Қуанышұлы.

Сонымен қатар, қала әкімі шетелдік инвесторлармен қонақ үй бизнесі жайында да сөз қозғады. Қонақ үй бизнесі әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқаратынын алға тартқан шаһар басшысы корпорация басшылығына бұл салада да қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды. Шымкенттен әлемдік стандарттарға сай қонақ үй салуға аталмыш корпорация өкілдерін шақырған қала әкімі бұл үшін Shymkent City аумағынан жер беруге дайын екендігін айтты. 

Непалдық миллиардермен болған кездесуде тараптар бұған дейін өткізілген келіссөздер негізінде қалада жоспарлап отырған Happy land отбасылық ойын-сауық кешенінің іске асырылу барысын талқылады. Ерлан Қуанышұлы жергілікті билік тарапынан барлық тиісті жұмыстардың жүргізілгенін айтып, инвесторлардан жобаны бастауға шақырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу