Шымкентте "Хизб-ут-Тахрирге" мүше 22 радикал ұсталды

197

Тінту барысыда Қазақстанда тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді. 

 Шымкентте "Хизб-ут-Тахрирге" мүше 22 радикал ұсталды Фото: видео скриншот

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен 22 адамнан тұратын "Хизб-ут-Тахрир" радикал-экстремистік ұйымын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар биылғы Рамазан айында "ауызашар" өткізу сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізген. 

Тінту барысыда Қазақстанда тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 256-бабының 1-бөлігімен және 259-бабының 1-бөлігімен тергеу амалдары басталды.

Осыған байланысты Шымкент прокуратурасы елдің конституциялық құрылымын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымға кіруге шақырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу