Шымкентте III қысқы Жастар ойындарының жалауы желбіреді

893

Бұдан бұрын Астанада өткен ІІ қысқы жастар ойындарында шорт-тректен Батыс Қазақстан облысының құрамасы үздік өнер көрсеткен болатын. 

Шымкентте III қысқы Жастар ойындарының жалауы желбіреді

Шорт-тректен өтіп жатқан байрақты бәсекеге еліміздің 13 облысынан келген 95 споршы мұз айдында жүлдені сарапқа салады, деп хабарлайды 24.kz.

Олимпида секілді төрт жылда бір өтетін жастар арасындағы біріншілікке қатысушылардың ішінен көзге түсіп, оза шапқандары "Азия балалары" бәсекесіне жолдама алады дейді ұйымдастырушылар.

Бұдан бұрын Астанада өткен ІІ қысқы жастар ойындарында шорт-тректен Батыс Қазақстан облысының құрамасы үздік өнер көрсеткен болатын. Ал биылғы сайыста айдын иелері биік тұғырдан көрінсек деп үміттеніп отыр. Себебі шорт-трек Шымкенттің спортшыларына жат емес. Олай деуге себеп те жоқ емес. Әлем бәсекелерінде топ бастап, ел намысын көкке көтергендер арасында Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Әділ Ғалиахметов, Нұрлыбек Бейсеев сынды спортшылар Түркістан өңірінің тумалары. Ал Анастасия Кристова, Әсел Таишманованың ізін басып келе жатқан Тоғжан Аманкелді де Жастар ойындарының жеңімпазы болудан дәмелі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу