9 мамыр күні кешке Шымкент қаласында күн бұлттанып, найзағай ойнады.
Шамамен сағат 22.25-те жаңбыр жауып, бірнеше минуттан кейін бұршақ түсті. 10 минутқа жалғасқан табиғаттың бұл тосын құбылысы шымкенттіктерді әбігерге түсірді, деп хабарлайды otyrar.kz.
Қала тұрғындары мұз түйіршіктерінің диаметрі үш сантиметр болғанын айтады. Әлеуметтік желілерде тараған суреттерге қарағанда кейбіреулер бұршақты шелектеп жинаған сыңайлы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу