Шымкентте ИВЛ аппараттары шығарыла бастады

1357

Алғашқы 88 ИВЛ аппараты жергілікті ауруханаларға жеткізіледі. 

Шымкентте ИВЛ аппараттары шығарыла бастады

Шымкентте бүгіннен бастап ИВЛ аппараттары шығарыла бастады. Кәсіпорын тәулігіне 20-25 құрылғы шығаруға қауқарлы. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімдігі алғашқы шығарылған 88 ИВЛ аппаратын ауруханаларға жеткізуге тапсырыс берген болатын. Кәсіпорыннан мониторлар, диспенсерлер, импульстік оксиметрлер, анализаторлар – барлығы 32 медициналық құрал-жабдықтар түрін сатып алады.

"Өздеріңіз білесіздер, коронавирус ауруы қатты өршіген кезде қалаға желдеткіш аппараттары қажет болды. Біз Kazmedpribor компаниясымен осындай құрылғыларды шығару мүмкіндігін талқыладық, нәтижесі міне. Өнімдер сертификаттаудан өтті, кәсіпорын желдеткіштер шығаруды бастады. Аптаның аяғына дейін алғашқы 88 ИВЛ аппараты жергілікті ауруханаларға жеткізіледі. Жақын арада ауруханалар мен емханалар Шымкентте шығарылған жабдықтармен қамтамасыз етіледі", – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпорын жұмысымен танысу барысында.

Мұрат Әйтеновтың айтуынша, Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Инфекция ошақтары және байланыста болған адамдар амбулаторлық бақылауға алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу