Шымкентте іздеу жарияланған бұрынғы депутат сотқа жеткізілді

153

Бұрын мәслихат депутаты болған Қуаныш Дәулеталиев іздеуге жарияланғаннан кейін табылып, сот отырысына қатысу үшін сотқа жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте іздеу жарияланған бұрынғы депутат сотқа жеткізілді Фото: gov.kz

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Дәулеталиевке сот отырысының күні мен уақыты туралы хабарланып, міндетті түрде қатысуы қажет екендігі ескертілген. Сотта оған қатысты қорлау дерегі бойынша арыз қаралды. Алайда ол хабарламаны елемегендіктен, сот оны мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулы шығарды.

"Аталған қаулыны орындау міндеті Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне жүктелді. Азамат анықталып, сотқа жеткізілді", – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу