Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне қатысты әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әйел концерт кезінде болған оқиға туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жариялап, тұрғындар арасында негізсіз алаңдаушылық туғызған.
– Полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар нәтижесінде әйелдің жеке басы анықталып, тиісті материалдар жинақталды. Құжаттар заңда белгіленген тәртіппен қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – делінген хабарламада.
Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертіп, жарияланымдардың шынайылығын тексеруге үндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу