Шымкентте қайтарымсыз грант алып беремін деп алаяқтық жасаған ұсталды

529

Шымкент тұрғыны танысына мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып беремін деген желеумен алдын ала ақшасын алып, алдап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте қайтарымсыз грант алып беремін деп алаяқтық жасаған ұсталды Фото: gov.kz

Қаратау ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданған. Танысы қайтарымсыз грант алып беремін деп, алдын ала 4 млн теңгесін алып, алты ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. 

Нәтижесінде күдікті анықталды. Күдікті әйелдің жасы 31-де, жоғары білімді. Уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды істі болмаған. Қазіргі кезде күдікті кінәсін толық мойындап, өз ісіне өкінетінін жеткізді. Алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу