Шымкентте қайтыс болған азамат жүк көлігінің жүргізушісі болған

906

Науқас Мәскеу-Алматы бағыты бойынша жолға шыққан.  

Шымкентте қайтыс болған азамат жүк көлігінің жүргізушісі болған

Шымкентте коронавирустан көз жұмған азамат 1964 жылы туған Түркістан облысының Мақтаарал ауданының тұрғыны болған. Ол халықаралық жүк тасымалымен айналысқан, деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова.

"Қайтыс болған азамат 1964 жылы туған. Ол Түркістан облысының Мақтаарал ауданының тұрғыны болған. Науқас жүк көлігінің жүргізушісі болған. Жұмыс бабымен Мәскеу-Алматы бағыты бойынша жолға шыққан. Шымкент қаласынан өтіп бара жатқанда жағдайы нашарлап, ауруханаға түсті. Ол кезде жағдайы өте ауыр болған. Сонымен қатар науқас қант диабеті, гипертания сынды  қосалқы аурулармен және бір жыл бұрын туберкулезбен ауырған", – деді Айгүл Бекбауова.

Науқас жұқпалы аурулар емханасында жасанды желдету аппаратына қосылған. Алайда жағдайы нарашлап 5 сәуір күні қайтыс болған. Кейін арнайы сынама алынып,  зертханалық зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде коронавирустық инфекция анықталған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу