Қайтыс болған Шымкентттік азаматтың ұлы Алматыда оқшауланды

781

Науқастың баласы әкесімен бірге жұмыс істеген.  

Қайтыс болған Шымкентттік азаматтың ұлы Алматыда оқшауланды

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған азаматтың 1988 жылы туған ұлы онымен бірге жұмыс істеген, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова.

"Ұлы әкесімен бірге жұмыс істеген. Ол жүк көлігін жүргізген. Екеуі Мәскеуден Алматыға қарай жолға шыққан. Шымкенке келгенде әкесінің жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілді. Ал баласы ары қарай Алматыға кетті. Кейін әкесінің коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Ал онымен тығыз байланыста болған баласы Алматыда оқшауланып, стационарға жатқызылды, - деді Айгүл Бекбауова.

Шымкентте коронавирустық инфекция жұқтырған 14 адам анықталды. Оның 12-сінің жағдайы тұрақты. Шаһарда 6 індет ошағы бар. Инфекция жұқтырғандармен байланыста болған 327 адамдар оқшауланды, ал 274 адам үй карантинінде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу