Шымкентте қалалық автопарк үшін дизель отынын жеткізу мәселесі қалпына келді

494

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Шымкентте қалалық автопарк үшін дизель отынын жеткізу мәселесі қалпына келді Фото: AIMAQ JAŃALYQTARY - ШЫМКЕНТ

Агенттік жүргізген жұмыс нәтижесінде Шымкентте қоғамдық көліктерге арналған дизель отынын жеткізу бағасы тұрақтандырылды, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша қалалық автобус паркіне жанармай литрі үшін 230 теңгеден жеткізілетін болады. Бұл тасымалдаушыға ай сайын 20 млн теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде автопарк бұл соманы кәсіпорынды дамытуға және қызметкерлердің жалақысын арттыруға бағыттай алады.

Бұдан әрі жанар-жағармай материалдарымен байланысты алыпсатарлыққа Қаржылық мониторинг агенттігі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге тосқауыл қоймақ.

Айта кету керек, шаһардағы жолаушылар тасымалымен айналысатын ірі компания қоғамдық көліктерге арналған дизель отыны мәселесін көтерген болатын. Олар жанармайды 265 теңгеден сатып алуға мәжбүр екендіктерін айтқан.

Шымкент қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл мәселенің шешілуін жеделдетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу