Шымкентте қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды

2107

Шенеунік қалалық мектепте асхананы жалға беру мерзімін ұзартқаны үшін жеке кәсіпкерден шамамен 1,5 миллион теңге алды деп айыпталып отыр.

Шымкентте қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары парамен ұсталды

Шымкентте қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.

Шенеунік қалалық мектепте асхананы жалға беру мерзімін ұзартқаны үшін жеке кәсіпкерден шамамен 1,5 миллион теңге алды деп айыпталып отыр. Оған "Пара алу" бабы бойынша айып тағылды.

Ақпаратты Шымкент қаласының білім басқармасы растады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тұтқынға алу кезінде басшының орынбасары демалыста болған.

"Шымкент қалалық білім басқармасының орынбасары демалыс беру және жұмысынан босату туралы өтініш жазды. Қазіргі уақытта ол демалыста. Бізде басқа ақпарат жоқ", – деді білім басқармасындағылар. 

Күдікті Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен екі айға қамауға алынды.

"Бұрынғы шенеунік кепілсіз тергеумен екі айға қамалды. Бүгін күдікті бұлтартпау шарасын кепілге ауыстыру ниетімен апелляциялық шағым берді", – деді судья Сержан Айнабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу