Шымкентте карантин кезінде "концерт" өткізгендердің ісі сотта қаралды

647

Сот 6 күдіктінің үшеуін кінәсіз деп танып, сот залынан босатты деп хабарлайды inbusiness.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте карантин кезінде "концерт" өткізгендердің ісі сотта қаралды Фото: tengrinews.kz

Шымкент қаласында өтпеген концертті "өтті" деп хаттама толтырып, 610 миллион теңге жымқырғандардың ісі сотта қаралды.

Қалалық мәдениет басқармасы мен "Мәдениет үйі" концерттік ұйымының бас есепшілері кәсіпкермен келісіп, мемлекет ақшасын қалталарына басқан.

Айыпталушылар карантин кезінде болмаған концертті "өтті" деп хаттама толтырған. 6 күдіктінің үшеуі кінәсіз деп танылып, сот залынан босатылды.

"Сотталушылардың бірі – жеке кәсіпкер. Оның және туыстарының атына жеке субъектілер ашылған. Бұқаралық мәдени шаралар өткізеді деген желеумен бұл субъектілерге мемлекет қаржысы жіберіліп отырған. Сот залынан босатылған үш сотталушыға келсек, олар мәдениет басқармасының басшысы, басшының міндетін атқарушы және есепші. Есепші 7 жылға шартты түрде сотталды", – деді судья Әбсаттар Шахидинов.

Ал мәдениет басқармасының бас есепшісі мен кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. "Мәдениет үйі" концерттік ұйымының бас есепшісі 8 жылға сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу