Шымкентте құтқарушылар КамАЗ көлігінің кабинасында қысылып қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жерасты жолын салу кезінде "КамАЗ" жүк көлігі абайсызда бетонға соғылған. Салдарынан 34 жастағы көлік жүргізушісі кабинада қысылып қалды.
"Авариялық құтқару жұмысына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімінен 11 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болғандықтан жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға алып кетті", - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу