Шымкентте карантин 22 маусымға дейін созылды

1238

Дүйсенбі күнгі жағдай бойынша Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 956-ке жетті , 420 адам жазылып шықты,  10 адам қайтыс болды. 

Шымкентте карантин  22 маусымға дейін созылды

"Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу шараларын 2020 жылдың 8 маусымынан 2020 жылдың 22 маусымына дейін ұзартылсын", ​​– делінген қаланың бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың бұйрығында.     

Құжатқа сәйкес, қала тұрғындары, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары халыққа қызмет көрсету кезінде маска, қолғап киюге, антисептиктерді қолдануға, қоғамдық орындарға барған кезде, оның ішінде қазіргі уақытта қызметіне рұқсат етілген қоғамдық көліктер мен объектілерде болған кезде әлеуметтік қашықтықты сақтауға қатысты талаптарды қатаң сақтауы керек.     

Қаладағы қозғалыс бұрынғыша шектелген.       

Бас санитарлық дәрігердің бұйрығы бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар санитарлық және карантиндік талаптардың сақталуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуі керек.

Бетперде тақпаған азаматтарға  қоғамдық көлікте жүруге рұқсат етілмейді, ал автобустардың қозғалысы жолаушылар тасымалы ескеріле отырып қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге, билік органдарына денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, оның ішінде ҰБТ кезінде де карантиндік және санитарлық-эпидемияға қарсы талаптардың жоғарылауын қамтамасыз ету тапсырылды. Шомылу мен демалу орындарында жаппай көп жиналудың алдын алу үшін, сондай-ақ жеке үйлерде, ойын алаңдарында, аулаларда және басқа жерлерде жаппай оқиғалардың алдын алу үшін шаралар қабылдау қажет.       

Бұл қаулы бүгін, 8 маусымнан бастап күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу